Мектебімізде 5–11 сынып оқушылары арасында Күзгі кросс өткізілді.
Мектебімізде 5–11 сынып оқушылары арасында Күзгі кросс өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың денсаулығын нығайту және дене шынықтыру дайындығын арттыру, сондай-ақ дене шынықтыру мен спортпен айналысуға деген қызығушылықтарын дамыту.
Кроссқа қатысқан оқушылар өздерінің спорттық дайындығын, күш-жігерін, төзімділігі мен жеңіске деген ұмтылысын көрсете білді. Іс-шара барысында көтеріңкі көңіл-күй, спорттық бәсекелестік пен достық атмосфера қалыптасты.
Осындай спорттық іс-шараларды өткізу оқушылардың белсенді өмір салтын ұстануына, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына және спортпен жүйелі түрде айналысуға қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Барлық қатысушыларға зор денсаулық, жаңа спорттық жетістіктер мен жеңістер тілейміз! 







Комментариев нет
Просмотров нет