"Еңбек – адал жас өрен"
"Еңбек – адал жас өрен" жобасы аясында "Нежинка орта мектебі" КММ - де педагог-кәсіби бағдаршы Н. А.Шаповалова мен аға тәлімгер А. Т. Зейнуллин "Күзгі асар"күзгі қолөнер жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Бастауыш сынып оқушылары өздерінің шығармашылық қабілеттері мен шеберліктерін көрсете отырып, жәрмеңкеге белсенді қатысты. Әрбір қолөнер туындысы өзіндік ерекшелігімен, жаңа идеясымен және ерекше әсемдігімен ерекшеленді. Оқушылар күзгі табиғаттың байлығын пайдалана отырып, бірегей және тартымды бұйымдарды ұсынды.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың бойында еңбекқорлықты, шығармашылықты, жауапкершілікті және ұлттық құндылықтарды құрметтеуді тәрбиелейді.
Жәрмеңкеге қатысып, өз өнерін көрсеткен барлық оқушыларға алғыс айтамыз! Әр қатысушы белсенділігі үшін арнайы грамотамен марапатталды.
Комментариев нет
Просмотров: 2

