Меню KDT

«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА


«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында мектебімізде «Жеке қауіпсіздік. Жол қауіпсіздігі» тақырыбында танымдық кездесу өткізілді.

Аталған іс-шара мектебіміз бен «QazaqGaz» ҰК» АҚ компаниясының бірлескен ұйымдастыруымен өтті.

Кездесуге Есенжан Еламан және Мұқан Ержан қатысып, оқушыларға жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігі, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру, заң мен тәртіпке құрметпен қарауға тәрбиелеу және күнделікті өмірде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Қауіпсіздік – әр адамның жауапкершілігі!

#АдалАзамат #ЗаңМенТәртіп #ЖекеҚауіпсіздік #ЖолҚауіпсіздігі #QazaqGaz
@bilimastana
@qosymsha_ast
@mainuresenbekovna
@astana_adistemelik_ortalyq
@astana_daryny


Комментариев нет
Просмотров: 5
Автор: 32mektepgymnazya
Сайт: 32.astana-bilim.kz
Добавлено: 16.10.2026 в 12:07