Меню KDT

Қамқорлық – жүректен!


Қамқорлық – жүректен!

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Қамқор» жобасы шеңберінде 8 «Б» сынып оқушылары ата-аналарының қолдауымен Қарттар күніне орай игі іс жасады.

Оқушылар «Шарапат» қарттар үйіне барып, қазыналы қарияларды мерекелерімен құттықтап, ақжарма тілектерін білдірді. Өнерлерін ортаға салып, көңілдеріне қуаныш сыйлап, шағын сыйлықтарын табыстады.

Бұл кездесу – ұрпақтар сабақтастығының, үлкенге құрмет пен кішіге ізеттің жарқын үлгісі. Осындай ізгі істер арқылы оқушылар мейірімділік пен жанашырлықтың, адамгершілік пен қамқорлықтың маңызын терең түсінеді.

Қарияларымыз аман, жүздері әрдайым жадырап, көңілдері шаттыққа толы болсын!

#АдалАзамат #Қамқор #ҚарттарКүні #Қайырымдылық #ҮлкенгеҚұрмет
@bilimastana
@qosymsha_ast
@mainuresenbekovna
@astana_adistemelik_ortalyq
@astana_daryny


Комментариев нет
Просмотров нет
Автор: 32mektepgymnazya
Сайт: 32.astana-bilim.kz
Добавлено: 12.10.2026 в 12:08