стана қаласы №32 мектеп-гимназиясында Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі аясында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Жас журналист» атты блиц-интервью ұйымдастырылды.
Астана қаласы №32 мектеп-гимназиясында Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі аясында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Жас журналист» атты блиц-интервью ұйымдастырылды.
Аталған шара аясында 11 “Ғ” сынып оқушысы Баймульдина Ақнұр ұстаздармен, оқушылармен блиц-интервью жүргізіп, қазақ тілі мен әдебиетінің маңызы, кітап оқу, рухани құндылықтар және ана тілін құрметтеу тақырыптарында қызықты сұрақтар қойды.
Жас журналист өзіне қажетті ақпаратты жинақтап, сұхбат жүргізудің қыр-сырын меңгеріп, журналистік қабілетін таныта білді. Блиц-интервью барысында тапқырлық, шапшаңдық, сауатты сөйлеу және өз ойын еркін жеткізу дағдылары көрініс тапты.
Тіл – ұлттың жаны, әдебиет – рухтың айнасы. Осындай тағылымды іс-шаралар оқушылардың шығармашылық ізденісін арттырып, ана тілімізге деген құрметін нығайта түседі.
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Садирова Алтыншаш Сапаровна.
@bilimastana
@qosymsha_ast
@mainuresenbekovna
@astana_adistemelik_ortalyq
@astana_akimdigi_akimat_astana
@astana_daryny