Психологиялық денсаулық — ұлт саулығы! «Психологиялық денсаулық — ұлт саулығы!» онкүндігі аясында мектебімізде педагог-ассистенттер ұйымдастырған «Көңілді үзілістер» өткізілді. Үзіліс кезінде білім алушылар ұжымды біріктіруге, өзара әрекеттесу, бір-біріне көмектесу және ізгі қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған қызықты ойындар мен жаттығуларға қатысты. 🤝 Зейінді, есте сақтауды, ойлауды, байқағыштықты және жылдам әрекет ету қабілетін дамытуға арналған танымдық жаттығуларға ерекше көңіл бөлінді. Білім алушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, белсенділік танытты, бірлесіп жұмыс істеуге, бір-бірін қолдауға және ортақ жетістіктерге қуануға үйренді. ✨ Мұндай іс-шаралар мектеп ортасын достыққа толы әрі жайлы етуге, жағымды эмоционалдық көңіл күй қалыптастыруға және білім алушылар арасындағы ізгі қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді. 💚 Психологиялық денсаулық қарапайым нәрселерден басталады: күлкіден, қолдаудан, достықтан және жылы қарым-қатынастан!
Психологиялық денсаулық — ұлт саулығы!
«Психологиялық денсаулық — ұлт саулығы!» онкүндігі аясында мектебімізде педагог-ассистенттер ұйымдастырған «Көңілді үзілістер» өткізілді.
Үзіліс кезінде білім алушылар ұжымды біріктіруге, өзара әрекеттесу, бір-біріне көмектесу және ізгі қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған қызықты ойындар мен жаттығуларға қатысты. 
Зейінді, есте сақтауды, ойлауды, байқағыштықты және жылдам әрекет ету қабілетін дамытуға арналған танымдық жаттығуларға ерекше көңіл бөлінді. Білім алушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, белсенділік танытты, бірлесіп жұмыс істеуге, бір-бірін қолдауға және ортақ жетістіктерге қуануға үйренді.
Комментариев нет
Просмотров нет