Мектеп кітапханасы кішкентай қонақтарға есігін айқара ашты
2026 жылдың 16 қазанында «№2 Новоишим орта мектебі» КММ кітапханасы ең кішкентай қонақтар — «Ақ бота» балабақшасының ересектер тобының тәрбиеленушілері үшін өз есігін айқара ашты! Мектепке дейінгі балалар үшін бұл оқиға ертегі әлеміне жасалған нағыз саяхатқа айналды. Балалар кітаптар мен сүйікті ертегілерін үлкен қызығушылықпен қарап, кітапты қалай күтіп ұстау керектігін және нағыз оқырман болу нені білдіретінін білді.
2026 жылдың 16 қазанында «№2 Новоишим орта мектебі» КММ кітапханасы ең кішкентай қонақтар — «Ақ бота» балабақшасының ересектер тобының тәрбиеленушілері үшін өз есігін айқара ашты! Мектепке дейінгі балалар үшін бұл оқиға ертегі әлеміне жасалған нағыз саяхатқа айналды. Балалар кітаптар мен сүйікті ертегілерін үлкен қызығушылықпен қарап, кітапты қалай күтіп ұстау керектігін және нағыз оқырман болу нені білдіретінін білді. Кездесу тек танымдық қана емес, сонымен бірге көңілді өтуі үшін балаларға арналған қызықты интерактивті ойындар ұйымдастырылды:
«Кітапта кім тығылды?» ойыны — бүлдіршіндер ертегі кейіпкерлерін зор ынтамен тапты.
«Жұбын тап» ойыны — балалар кейіпкерлерге өзінің достарын және ертегідегі заттарын табуға көмектесті.
Көңілді сергіту сәті — барлығына сергіп, серпіліп алуға көмектесті!
Кездесу өте жылы әрі достық атмосферада өтті. Бұл сапар кішкентайлардың кітапқа деген сүйіспеншілігінің алғашқы қадамы болады және оларды оқырмандарымыздың арасынан тағы да талай көреміз деп үміттенеміз!
Теги:
Оқуғақұштармектеп,
АдалАзамат
Комментариев нет
Просмотров: 2