💗 «Қызғылт қазан» - әйелдер денсаулығы үшін бірге!
17 қазан күні сүт безі қатерлі ісігімен күресудің дүниежүзілік айлығы -«Қызғылт қазан» аясында сүт безі ауруларын ерте анықтауға және онкологиялық аурулардың алдын алуға бағытталған Ашық есік күні өткізілді.
Іс-шара барысында дәрігер-онколог-маммолог Амангалиева А. А. пациенттерге кеңес беріп, сүт безі ауруларының алдын алу, қатерлі ісікті ерте анықтау және медициналық көмекке уақытылы жүгіну мәселелеріне ерекше назар аударды. Қабылдау барысында әйелдерге пайдалы ұсынымдар беріліп, профилактикалық тексерулерден тұрақты өтудің және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы түсіндірілді.
Сүт безі қатерлі ісігі - әйелдер арасында кең таралған онкологиялық аурулардың бірі. Дегенмен ауруды ерте кезеңде анықтау емнің нәтижелі болуына және сауығу мүмкіндігінің артуына ықпал етеді.
💗 «Қызғылт қазан» - қамқорлықтың, қолдаудың және үміттің айы. Бұл бастама әрбір әйелге өз денсаулығына көңіл бөлудің, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтудің және аурудың алғашқы белгілерін елемеудің маңыздылығын еске салады.
Әйел денсаулығы - тек жеке адамның ғана емес, бүкіл отбасының амандығының кепілі. Сондықтан өзіңізге қамқорлық жасауды әдетке айналдырып, денсаулығыңызды күтуге әрдайым уақыт бөліңіз!
Денсаулығыңызды күтуді кейінге қалдырмаңыз! Ауруды ерте анықтау - өмірді сақтап қалудың маңызды қадамы! 💗🎗️
МӘМС жарналары қалай және қайда жасалады

Комментариев нет
Просмотров: 1