Меню KDT

«ХАЛЫҚ СҮЙГЕН ҚАЛАМГЕР»

Атырау облысы мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Хамит Ерғалиевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Халық сүйген қаламгер» атты ашық аспан астында көрме-кездесу ұйымдастырылды.



Атырау облысы мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Хамит Ерғалиевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Халық сүйген қаламгер» атты ашық аспан астында көрме-кездесу ұйымдастырылды.

Ақын рухына арналған тағылымды шара бір минут үнсіздікпен басталып, көрнекті ақын Хамит Ерғалиевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, құрмет көрсетілді.

Жайық жағасында, ақынның ескерткіші маңында өткен тағылымды шараның мақсаты – архив қорында сақталған жеке тектік құжаттар арқылы Хамит Ерғалиевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, әдеби мұрасын ұрпақ жадында жаңғырту және жас буынның ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.

Іс-шараны Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасының архивтер қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Самал Бағытжанқызы Құмарғалиева ашып, көрме-кездесудің маңыздылығына тоқталып, ақынның рухани мұрасын ұлықтау мен оны жас ұрпаққа танытудың мәнін атап өтті.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ұзақ жылдар Исатай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған, бүгінде еңбек ардагері Мәди Рахымұлы Өтепқалиев пен Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Медиация орталығының кәсіби медиаторы, Хамит Ерғалиевтың туған немере қарындасы Гүлнафис Ерсайынқызы Жармұханбетова қаламгер туралы естеліктерімен бөлісті

Көрме таныстырылымын Атырау облысы мемлекеттік архивінің архивисі Айгерім Маратқызы Нигметова жүргізіп, архивте сақталған жеке тектік құжаттары арқылы қаламгердің өмірі мен шығармашылығына қатысты деректерді көпшілік назарына ұсынды.

№1 «Атырау Білім-инновация лицей-интернатының» бір топ оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтып, тыңдармандардың қошеметіне бөленді.

Көрме-кездесуді қорытындылаған Атырау облысы мемлекеттік архиві басшысының міндетін атқарушы Баянсұлу Рамазанқызы Амиржанова рухани шараға қатысушыларға өз ризашылығын білдіріп, ақын өлеңдерін жатқа айтқан оқушыларға Алғыс хаттар табыс етті.

Архив – өткеннің үнін бүгінге жеткізіп, ұлт жадын келер ұрпақпен жалғайтын алтын көпір. Хамит Ерғалиевтың бай мұрасы – халқымыздың рухани қазынасы, ал оның өлеңдері уақыт өткен сайын жаңғырып, жаңа буынның жүрегіне жол таба бермек.

#АтырауОблысыМемлекеттікАрхиві
#ХамитЕрғалиевтуғанына110Жыл
#ХалықСүйгенҚаламгер
#АрхивМұрасы
#ҰлттықӘдебиет


Комментариев нет
Просмотров: 1
Автор: dias.kudaibergen
Сайт: arhivatyrau.kdt.kz
Добавлено: 19.10.2026 в 11:16