ИНСУЛЬТТІҢ АЛДЫН АЛУ
Инсульт - ми қан айналымының жедел бұзылуы, ол шұғыл медициналық көмекті қажет етеді. Алайда көптеген жағдайларда салауатты өмір салты қағидаларын сақтау арқылы оның даму қаупін едәуір төмендетуге болады.
Инсульттің даму қаупінің факторлары
Инсульттің пайда болу ықтималдығын арттыратын негізгі факторларға мыналар жатады:
-Артериялық қан қысымының жоғары болуы - негізгі қауіп факторларының бірі.
-Темекі шегу және алкогольді тұтыну - қан тамырларына және жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысына кері әсер етеді.
-Қандағы холестерин деңгейінің жоғары болуы -атеросклеротикалық түйіндақтардың пайда болуына және қан тамырларының тарылуына ықпал етеді.
-Дене белсенділігінің жеткіліксіздігі - жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупін арттырады.
-Артық дене салмағы - гипертонияның, қант диабетінің және инсульт қаупімен байланысты басқа да аурулардың даму ықтималдығын арттырады.
Өзіңізді инсульттен қорғаңыз!
Алдын алу күнделікті әдеттерден басталады. Қан тамырларының саулығын сақтау және инсульт қаупін төмендету үшін мыналарды орындау маңызды:
-Артериялық қан қысымын үнемі бақылау.
-Қандағы холестерин мен глюкоза деңгейін қадағалау.
-Тұзды, қантты және майлы тағамдарды тұтынуды шектеу.
-Теңгерімді тамақтану, күнделікті рационға көкөністерді, жемістерді және тұтас дәнді дақылдардан жасалған өнімдерді қосу.
-Дене салмағын қалыпты деңгейде ұстау және белсенді өмір салтын ұстану.
-Темекі шегуден бас тарту және алкогольді тұтынуды шектеу.
-Медициналық тексерулерден үнемі өту және дәрігердің ұсынымдарын орындау.
Салауатты өмір салты, қауіп факторларын дер кезінде анықтау және денсаулық жағдайын тұрақты бақылау инсульттің алдын алуға және өмір сапасын сақтауға көмектеседі.
Бет кенеттен қисайған, қолдың немесе аяқтың әлсіздігі не ұюы пайда болған, сөйлеу немесе көру қабілеті бұзылған жағдайда дереу 103 немесе 112 нөміріне жедел жәрдем шақыру қажет. Симптомдар өздігінен басылады деп күтпеңіз: инсульт кезінде әр минуттың маңызы зор.
Кенеттен қызметкерге аударым жасамайтын жұмыс беруші қандай жауапкершілікке тартылады

Комментариев нет
Просмотров: 1