Меню KDT

2026 жылғы 20 қазанда «Возвышенка орта мектебі» КММ-де тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі шекара заставасы бастығының орынбасары, аға лейтенант Ж.Е. Молдаховпен кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті.

Кездесу барысында ол оқушылармен әскери мамандықтарға және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясына оқуға түсуге деген қызығушылықты арттыруға бағытталған әңгіме жүргізді.
Аға лейтенант оқушыларға академиядағы оқу ерекшеліктері, оқуға түсу шарттары, болашақ шекарашы мамандығының ерекшеліктері, сондай-ақ үміткерлерге қойылатын талаптар туралы айтып берді. Оқушылар кәсіби даму мүмкіндіктері, әскери қызметтің болашағы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қорғаудың маңыздылығы туралы ақпарат алды.
Кездесу оқушылардың әскери мамандықтар туралы түсініктерін кеңейтуге, патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға және болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға ықпал етті.

Комментариев нет
Просмотров: 3
Автор: vozvishensky
Сайт: b046.edu.kz
Добавлено: 21.10.2026 в 13:02