🎓 «Болашақ таңдау жасаудан басталады!»
Солтүстік Қазақстан облысында мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстары жалғасуда.
Осы оқу жылында Шал ақын ауданында, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда және Петропавл қаласында педагогикалық сыныптар ашылды.
23 қазанда Қызылжар ауданындағы № 3 Бескөл орта мектебінің базасында педагогикалық сыныптың ашылуы өтті. Іс-шараға Әдістемелік орталықтың директоры Р.С. Сәркен қатысып, жоғары сынып оқушыларын құттықтады. Оларға педагогикаға деген қызығушылық, білімге құштарлық және болашақ мамандықты меңгеруде табыс тіледі.
Жұмыс Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы мен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум, сондай-ақ Әдістемелік орталықтың «Кәсіпке қадам» жобасы аясында жүзеге асырылуда.
Қатысушылар «Мамандыққа кіріспе» курсын меңгеріп, кәсіби сынақтардан өтіп, педагогикалық қызметтің алғашқы практикалық тәжірибесін жинақтай алады.
Комментариев нет
Просмотров: 5