Меню KDT

ОТАНҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫНМЫН!


Мағжан Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясында Республика күніне орай «Отанға қызмет етуге дайынмын!» атты әскери-патриоттық сайыс ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, елге деген құрмет пен азаматтық жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ әскери-патриоттық тәрбие беру. Сайыс барысында оқушылар өздерінің ептіліктерін, шапшаңдықтарын, төзімділіктерін және ұйымшылдықтарын көрсетіп, белсенділік танытты. Аталған іс-шара жас ұрпақты Отанын сүюге, елінің тәуелсіздігін қадірлеуге, тәртіптілік пен жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталды. Отанға қызмет ету – абыройлы міндет, елге адалдықтың жарқын көрінісі! ВИДЕО 


Комментариев нет
Просмотров: 3
Автор: 65mektep
Сайт: 65mektep.edu.kz
Добавлено: 22.10.2026 в 21:36