Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу аясында 2026 жылғы 22 қазанда "Рузаевка орта мектебі" КММ-нде 1-11 сынып оқушыларына арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында мерекенің маңыздылығы, отансүйгіштік пен ұлттық құндылықтарды құрметтеудің маңыздылығы атап өтілді. Сондай-ақ, жаңадан сайланған мектеп өзін-өзі басқару Президенті таныстырылып, білім алушыларды "Жас Ұлан" және "Жас Қыран" ұйымдарының қатарына салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті. Өткізілген іс-шара білім алушылардың бойында азаматтық-патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға, Қазақстан Республикасының тарихы мен мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге ықпал етті.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Комментариев нет
Просмотров: 4