29 қазан – Дүниежүзілік инсультпен күрес күні: әр минут маңызды
Жыл сайын 29 қазанда Дүниежүзілік инсультпен күрес күні атап өтіледі. Бұл күннің мақсаты – инсульттің алдын алудың және уақтылы медициналық көмек көрсетудің маңыздылығын еске салу.
Инсульт дегеніміз не?
Инсульт – қан тамырының бітелуі немесе жарылуы салдарынан мидың қан айналымының жедел бұзылуы. Оттегінің жеткіліксіз түсуінен ми жасушалары өле бастайды. Сондықтан науқасқа шұғыл медициналық көмек қажет.
Инсульттің екі негізгі түрі бар:
-Ишемиялық инсульт – қан тамырының тромбпен немесе қан ағымына кедергі келтіретін басқа да себептермен бітелуі салдарынан пайда болады.
-Геморрагиялық инсульт – қан тамырының жарылып, миға қан құйылуы нәтижесінде дамиды.
Екі жағдайда да әр минут маңызды. Ем неғұрлым ерте басталса, адамның өмірін сақтап қалу және ауыр асқынулардың алдын алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.
Инсультті қалай тануға болады?
Инсульттің негізгі белгілерін білу және оларға дер кезінде әрекет ету маңызды.
Кенеттен пайда болатын мына белгілерге назар аударыңыз:
-Беттің асимметриясы – ауыздың бір бұрышының төмен түсуі;
-Қолдың, аяқтың немесе дененің бір бөлігінің әлсіздігі не ұюы;
-Сөйлеудің бұзылуы – адамның сөйлеуі қиындауы немесе айтылған сөзді түсінбеуі;
-Бір немесе екі көздің көру қабілетінің кенеттен нашарлауы;
-Бас айналу, қимыл үйлесімділігінің бұзылуы және тепе-теңдікті жоғалту;
-Кенеттен пайда болған қатты бас ауруы, әсіресе бұрын болмаған ерекше ауырсыну.
Инсультке күдік туындаса не істеу керек?
1.Дереу 103 немесе 112 нөміріне қоңырау шалып, жедел жәрдем шақырыңыз.
2.Алғашқы белгілер пайда болған уақытты есте сақтаңыз немесе жазып алыңыз.
3.Медицина маманының нұсқауынсыз науқасқа тамақ, су немесе дәрі бермеңіз.
4.Белгілер өздігінен басылады деп күтпеңіз, тіпті адамның жағдайы жақсарған күннің өзінде.
Жедел жәрдемді уақытында шақыру адамның өмірін сақтап, ауыр мүгедектіктің даму қаупін азайтуы мүмкін.
Алдын алу: инсульттің қаупін азайтуға болады
Инсульт қаупін төмендету үшін:
-Қан қысымын бақылаңыз. Қан қысымын үнемі өлшеп, гипертонияны емдеу бойынша дәрігердің ұсынымдарын орындаңыз.
-Көбірек қозғалыңыз. Денсаулық жағдайыңызға сәйкес аптасына кемінде 150 минут дене белсенділігімен айналысуға тырысыңыз.
-Дұрыс тамақтаныңыз. Күнделікті көкөністер мен жемістерді тұтынып, тұзды, қантты, қаныққан майларды және қатты өңделген өнімдерді шектеңіз.
-Холестерин деңгейін бақылаңыз. Қажетті тексерулерден өтіп, көрсетілімдер болған жағдайда дәрігер тағайындаған емді қабылдаңыз.
-Дене салмағын қалыпты деңгейде ұстаңыз. Теңгерімді тамақтану мен тұрақты дене белсенділігі жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайтады.
-Темекі шегуден бас тартыңыз. Темекі түтінінің әсерінен де аулақ болыңыз.
-Алкогольді шектеңіз. Инсульттің алдын алу үшін алкогольден толық бас тартқан дұрыс.
-Қандағы қант деңгейін бақылаңыз. Бұл әсіресе қант диабеті бар адамдар үшін маңызды.
-Жүрек ырғағын қадағалаңыз. Жүрекшелер фибрилляциясы инсульт қаупін арттырады, сондықтан оны уақытында анықтап, емдеу қажет.
-Жеткілікті демалып, ұйқы режимін сақтаңыз. Ұйқының тұрақты тәртібін ұстанып, эмоционалдық жағдайыңызға көңіл бөліңіз.
Профилактикалық тексерулерден жүйелі түрде өту және дәрігердің ұсынымдарын орындау қауіп факторларын дер кезінде анықтауға және асқынулардың алдын алуға көмектеседі.
2026 жылғы 29 қазан – «Әр минут маңызды»
Дүниежүзілік инсультпен күрес күні денсаулықты сақтау үшін ақпараттанудың, аурудың алдын алудың және уақтылы әрекет етудің маңыздылығын еске салады.
Инсульттің алғашқы белгілерін біліңіз. Қан қысымыңызды бақылаңыз. Медициналық тексерулерден жүйелі түрде өтіңіз. Инсульт белгілері байқалса, дереу 103 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Уақытты жоғалтпаңыз – әр минут адам өмірін сақтап қалуы мүмкін!
Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!
Артық немесе қате есептелген қаражатты/жарналарды/өсімпұлдарды МӘМС арқылы қайтару қалай жүзеге асырылады

Комментариев нет
Просмотров нет