Меню KDT

🦠 ҚЫЗЫЛША

АУРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ ҚАЖЕТ?
Қызылша - ауа-тамшы жолы арқылы таралатын, өте жұқпалы вирустық ауру.
⚠️ ЖҰҚТЫРУ ҚАЛАЙ БОЛАДЫ?
Қызылша вирусы:
-жөтелгенде және түшкіргенде;
-науқас адаммен сөйлескенде және тығыз қарым-қатынаста болғанда;
-жұқтырған адаммен бір бөлмеде болған кезде
оңай таралады.
Ауру адам жасырын (инкубациялық) кезеңнің соңында, сондай-ақ бөртпе пайда болғаннан кейінгі алғашқы күндері де жұқпалы болуы мүмкін.
🔎 НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ
Мына белгілерге назар аударыңыз:
🌡️ дене қызуының көтерілуі
🤧 мұрыннан мол бөлінді ағуы
👁️ конъюнктивит және қабақтың ісінуі
😷 тұрақты құрғақ жөтел
🤕 қатты бас ауруы
😴 ұйқының бұзылуы және жалпы әлсіздік
🍽️ тәбеттің төмендеуі
🔴 ашық түсті дақты-папулезді бөртпе, ол әдетте бірнеше күннен кейін пайда болып, біртіндеп денеге таралады.
⚠️ ҚЫЗЫЛША ҚАУІПТІ БОЛУЫ МҮМКІН
Ауру, әсіресе балаларда, ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін:
-пневмония;
-жалған круп;
-стоматит;
-жүйке жүйесінің қабыну аурулары, соның ішінде менингит және менингоэнцефалит;
-полиневрит.
Қызылшамен ауырғаннан кейін, әдетте, ұзақ мерзімді, өмір бойына сақталатын иммунитет қалыптасады.
🛡️ ЕҢ ТИІМДІ ҚОРҒАНЫС- ВАКЦИНАЦИЯ
Қызылшаның алдын алудың негізгі жолы - уақтылы жоспарлы иммундау.
Вакцинация:
-12–15 айлық жаста;
-6 жаста - мектепке дейін жүргізіледі.
Сонымен қатар:
🌬️ бөлмені үнемі желдетіңіз;
🧹 ылғалды тазалау жүргізіңіз;
👥 аурушаңдық деңгейі жоғары кезеңде мүмкіндігінше адамдармен байланысты шектеңіз;
😷 қажет болған жағдайда жеке қорғаныш құралдарын пайдаланыңыз.
💉 ЕГЕР СІЗ ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛМАҒАН БОЛСАҢЫЗ НЕМЕСЕ ВАКЦИНАЦИЯ МӘРТЕБЕҢІЗДІ БІЛМЕСЕҢІЗ - ИММУНИЗАЦИЯ МӘРТЕБЕСІН НАҚТЫЛАУ ҮШІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМҒА ЖҮГІНІҢІЗ.
❤️ ӨЗІҢІЗДІ ЖӘНЕ ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗДЫ ҚОРҒАҢЫЗ -ВАКЦИНАЦИЯ ҚЫЗЫЛШАНЫҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ АСҚЫНУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ.
 
Сақтандырылған азаматтар МӘМС бойынша ЭКО- ға сене ала ма

Комментариев нет
Просмотров нет
Автор: poliklinika5pavlodar
Сайт: poliklinika5pavlodar.agartu.kz
Добавлено: 30.10.2026 в 14:49