Меню KDT

«Абай Салбурыны – 2026» республикалық турнирінің бағдарламасы


Құрметті жерлестер! Ақын Көкбай Жанатайұлының 165 жылдық мерейтойына орай 13–14 қараша күндері Көкбай ауылында «Абай Салбурыны – 2026» республикалық турнирі өтеді.

13 қараша – жарыстың бірінші күні
09:00 – Жарыстың басталуы
1. Қыран құстарды қолға шақыру (бүркітті 700 метр қашықтықтан шақыру).
2. Бүркітті шырғаға салу.
14:30 – «Абай Салбурыны – 2026» республикалық турнирінің салтанатты ашылу рәсімі.

14 қараша – жарыстың екінші күні
09:00 – Бүркіт, ителгі және қаршыға жарыстарының ақтық бәсекелері. Құстарды аңға салу.
10:00 – Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар.
14:00 – Жарыс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі.
19:00 – Гала-концерт. Көкбай ауылының Мәдениет үйі.
Баршаңызды ұлттық өнерімізді ұлықтап, саятшылық дәстүрімізді дәріптейтін республикалық турнирдің куәсі болуға шақырамыз!


Комментариев нет
Просмотров: 6
Автор: abay.travel
Сайт: taraz.test.kdt.kz
Добавлено: 06.11.2026 в 09:57