Меню KDT

ҚАНТТЫ ШАМАДАН ТЫС ТҰТЫНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ

Тамақтану рационында қанттың шамадан тыс болуы семіздікке, қант диабетіне және жүрек ауруларына әкелуі мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) ұсынымдарына сәйкес, қантты тәуліктік тұтыну мөлшері жалпы тәуліктік калорияның 5 %-ынан аспауы керек. Бұл дене салмағының индексі (ДСИ) қалыпты ересек адам үшін күніне шамамен 25 грамм қантқа (6 шай қасыққа жуық) тең.
Қантты шамадан тыс тұтынудың алдын алу шаралары:
1.Өнімдердің заттаңбаларын мұқият оқып, құрамында қанты аз немесе қантсыз өнімдерді таңдаңыз.
2.Шырындар мен тәтті газдалған сусындардың құрамында қант көп болады. Энергетикалық сусындар да қанттың көп мөлшерін қамтиды. Оларды сумен, табиғи дәмі бар газдалған сумен немесе төмен калориялы сусындармен алмастырыңыз.
3.Қосылған қант негізінде дайындалған кәмпиттер мен басқа да тәттілердің орнына табиғи қант пен пайдалы қоректік заттардан тұратын жемістерді тұтыныңыз.
4.Десерттер мен тәттілердің, соның ішінде кептірілген жемістер мен цукаттардың орнына жаңа піскен немесе мұздатылған жемістерді, жидектер мен жаңғақтарды пайдаланыңыз.
5.Шөлді тәтті сусындар мен шырындармен емес, таза сумен қандырыңыз.
6.Құрамында қанты көп жемістерді (банан, жүзім) тұтынуды шектеңіз.
7.Дайын зауыттық тұздықтардан бас тартыңыз. Мысалы, бір ас қасық кетчуптың құрамында шамамен 4 г (бір шай қасыққа жуық) қант болады.
8.Үй жағдайында тәтті нан-тоқаш өнімдерін дайындаған кезде табиғи ингредиенттерді пайдаланып, қосылатын қанттың немесе оны алмастырғыштардың мөлшерін азайтыңыз. Бұл дайын өнімдердегі қант мөлшерін бақылауға мүмкіндік береді.
9.Күнделікті қанша қант тұтынатыныңызды қадағалаңыз және қажет болған жағдайда оның мөлшерін біртіндеп азайтыңыз.
10.Егер қант тұтынуды бақылауда қиындықтар туындаса немесе денсаулығыңызға алаңдасаңыз, дәрігерге немесе диетологқа жүгініп, кеңес алыңыз және жеке тамақтану жоспарын әзірлеңіз.
ҚАНТ АЗ БОЛСА - ҚУАТ КӨП БОЛАДЫ!!!
 
Артық немесе қате есептелген қаражатты/жарналарды/өсімпұлдарды МӘМС арқылы қайтару қалай жүзеге асырылады

Комментариев нет
Просмотров: 2
Автор: poliklinika5pavlodar
Сайт: poliklinika5pavlodar.agartu.kz
Добавлено: 06.11.2026 в 14:35